Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Балабақша өмірінен — экологиялық тәрбие негізінде Табиғат – адамзаттың тіршілік көзі. Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар – бәрі де біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Табиғатты қорғау — әр адамның, соның ішінде кішкентай бүлдіршіндердің де басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі күні балабақша қабырғасында балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты ерте жастан үйрету аса маңызды. Осы мақсатта біздің балабақшада «Табиғатты аялайық» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Шара барысында балалар табиғат туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, сурет салып, түрлі ойындарға белсене қатысты. Тәрбиешілер балаларға ағаш отырғызу, гүлдерді суару, қоқысты жинау арқылы табиғатты қалай қорғауға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге суды үнемді пайдалану, жануарларға қамқорлық жасау сияқты маңызды дағдылар үйретілді. Мұндай іс-шаралар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және жанашырлық сезімін оятуға үлкен септігін тигізеді. Біз әрқашан балаларымызға: «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оған қамқор болу – біздің борышымыз!» – деп үйретеміз.