Қазір күздің соңы, тұмау мен вирустық инфекциялар өршитін кезең. Дәрігерлер қазақстандықтарды сақ болуға шақырып отыр. Эпидемиялық маусым басталғалы елімізде зертханалық түрде А тұмауының бірнеше жағдайы тіркелген. Бұл вирус халық арасында «Гонконг тұмауы» деп аталып жүр.
Соңғы апталарда ата-аналарды алаңдатқан басты сауалдар: «Бұл Гонконг тұмауы ма? Неге баланың ыстығы ешқандай дәріге түспейді?
Балабақша топтары жартылай бос: көп бала 39-40 градус қызумен бірнеше күн қатарынан ауырып жатыр. Ал ересектер әлсіздік пен буын сырқырауына шағымданып отыр.
Әлеуметтік желіде «жаңа вирус», «инфекциялық ауруханада кезек көп» деген жазбалар көбейген сайын ел арасында алаңдаушылық та арта түсті.Гонконг тұмауы – жаңа вирус емес»Бұл тұмау бұрыннан бар. Халық арасында оны әр кезеңде әртүрлі атап жатады. Негізінде жыл сайын қайталанып отыратын бір вирус – сол бір тұмау. Бұл жаңадан шыққан үлкен пандемиялық ауру емес.
Дәрігердің айтуынша, тұмаудың белгілері ЖРВИ-ға қарағанда айқынырақ және ауырлау өтеді. Мысалы, ЖРВИ кезінде қызу 3-4 күнге созылса, тұмау кезінде 39-40°С-қа дейін көтеріліп, 5-7 күнге дейін түспеуі мүмкін. Интоксикация да күштірек болады. Бала «аяқ-қолым, ішім, бүкіл денем ауырып тұр» деп шағымдануы мүмкін. Бұл тұмауға тән белгі. Тұмаудан кейінгі қалпына келу кезеңі де кейде ЖРВИ-ға қарағанда ауырлау болады.
Қалай емделу керек?
Педиатрдың айтуынша, тұмау симптоматикалық түрде ғана емделеді. Мұрын бітсе – мұрынды тазалау.Температура көтерілсе – парацетамол немесе ибупрофен ішу.»Дәрі мөлшері міндетті түрде салмаққа сай болуы тиіс. Балаға жиі-жиі су ішкізіп, бөлмені салқындатып, ауаны ылғалдандырып отырған дұрыс. Егер баланың қызуы 6 сағатқа дейін түспей, дәрі беру арасындағы интервал сақталмаса, парацетамол мен ибупрофенді алмастырып беруге болады. Парацетамолдың дозасы – 15 мг/кг. Екі препаратты дұрыс интервалмен кезектестіре қолдануға болады. Егер бала өзін өте нашар сезініп тұрса, температурасы 37°С болса да, түсіру қажет жағдайлар кездеседі. Тұмаудың негізгі белгісі – жоғары температура, ал басты міндет – оны дұрыс түсіру, балаға су беру және үй жағдайын реттеу», – дейді педиатр мамандары.
Тұмаудың алдына алуға тек вакцина көмектеседі.
ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Салқын түсе тұмау мен түрлі вирустық инфекция тез тарайды. Күзде салқын түсе үдей үсетін вирустық инфекциялар кей кезде көктемнің соңына дейін де созылып жатады. Тұмау асқынса соңы созылмалы дертке де әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан ауырмаудың амалын ойланған артық етпейді. Әсіресе балалар, жүкті әйелдер мен егде жастағы адамдардың тұмаудан сақтанғаны абзал. ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ Әсіресе бүлдіршіндердің арасында тұмау алдын алу шараларына балабақша мамандары салқын түсе бірден қамданады. Бүлдіршіндер бөбекжайға келмес бұрын бөлмелердің ауасы тазартылып, санитарлық талапқа сай ойыншықтар залалсыздандырылады. Ал бөбекжайға келген бетте балаларды сырқаттанып тұрған баланы бірден анықтау сондай-ақ қалған балаларды тұмау тиюден қорғауға септігін тигізеді.
Бүлдіршіндердің иммунитетін нығайту мақсатында тәрбиелеушілер түрлі жаттығулар өткізеді. Мәселен, таңғы жаттығудан бастап, балалар арасында түрлі қимыл ойындары жиі ұйымдастырылады. Әсіресе, балалардың қыста да таза ауада серуендеуі, баланың иммундық жүйесін нығайтудың ұтымды жолы. Серуеннен келгенде балалардың сырт киімін арнайы шкафта кептіруді де ойластырған.
Балалардың таза ауада көбірек серуендеуіне, далада ойынауына көңіл бөліп, түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалардың иммундық жүйесін күшейтуге мән береміз.
Балалар ойнайтын бөлмелер мен жатын бөлмелерге кварц шамы қойылып, ауаны ылғалдандыратын тұзды шамдар қолданылады. Баланың сырқаттанып тұрғанын анықтаған сәттен ата-анасы келгенше оқшаулап, баланы бақылауға алатынын айтты. Сондай-ақ маман өз бетінше ем-дом жасау да қауіпті екенін еске салады.- Көп жағдайда бала ЖРВИ-мен сырқаттанып қалса, кей ата-аналар өз бетінше балаға антибиотик бере бастайды. Бұл өте қауіпті екенін, балаға дәрі-дәрмекті тек дәрігерден кеңес алған соң беру керектігін ата-аналарға жиі түсіндіреміз, — дейді педиатр дәрігер. Балабақша мамандары егер балаға суық тиіп, тұмауға шалдығып қалса, дертті асқындырып алмау үшін келесі шараларды қолдануға кеңес береді:
• Екпе жасау кестесін сақтау. Бұл түрлі қауіпті вирустық инфекциядан қорғаудың жақсы жолы.
• Дұрыс тамақтану. Баланың ас мәзірінде міндетті түрде жеміс пен көкөністің түр-түрі болуы керек. Бұл дәрумендер баланың иммунитетін нығайтауға септігін тигізеді.
• Баланы ерте жастан гигиена дағдыларына үйрету. Қолды жиі жуу арқылы түрлі вирустық инфекциялардың таралу қауіпін төмендетуге болады.
• Бала сырқаттанса, үйде ем қабылдауды бастау. Кез келген тұмаудың жеңіл түрі балабақшадағы балалар арасында тұмаудың тез тарауына әкеп соғады.
