Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 

Педагогтердің

бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

  1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы   білім   бөлімінің  «Жұпар» бөбекжайы» КМҚК. Заңды мекенжайы: Қостанай облысы, Амангелді ауданыбайқадамова көшесі, 26 үй, анықтама үшін телефон, 8(71440) 22 1 21, E-mail: jupar-bala100@mail.ru  педагогтердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:

Тәрбиеші1 бірлікте  уақытша

Тәрбиешінің  лауазымдық міндеттері:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

 

Еңбек ақысының мөлшері:

Буын, саты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max

В3-4

160 000 300 000

 

Еңбекке ақы төлеу шарттары

Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы штаттық кестеге сәйкес айқындалады.

 

  1. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);

педагогикалық этиканың нормалары;

санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;

еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Жұқпар» бөбекжайы, Заңды мекенжайы: Қостанай облысы, Амангелді ауданы,  Байқадамова көшесі, 26 үй, әлеуметтік желілердің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде 2025 жылдың 21.08.-29.08. аралығында қабылданады.

ЕСКЕРТУ: Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының ( Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді) негізінде ұйымдастырылады.

 

  1. Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

  1. Құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

Қостанай обылысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы   білім   бөлімінің  «Жұпар» бөбекжайы» КМҚК. Заңды мекенжайы: Қостанай облысы, Амангелді ауданыбайқадамова көшесі, 26 үй, анықтама үшін телефон, 8(714 40) 22 1 21

E-mail: jupar-bala100@mail.ru,

Instagram: zhupar_bobekzhai_bb,

сайт: jupar-sad.edu.kz 

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: конкурстық комиссиясының хатшысы Ахметова Гульмира Бахатовна Тел: 8702 913 46 00 ватсап.

8708 114 57 69