Табиғатты қорғауға, сұлулық пен мейірімділікті бағалауға баулитын тәрбие жұмыстары балабақша өмірінде ерекше орын алады. Осыған орай, біздің балабақшада «Ана мен гүл – мейірімнің белгісі» атты бөлме гүлдерін отырғызуға арналған экологиялық іс-шара өтті.
Бұл ерекше күнге балалар мен аналар бірге қатысты. Балалар аналарымен бірге әсем құмыраларға бөлме гүлдерін отырғызып, оларды қалай күтіп-баптау керектігін үйренді. Қолдарына кішкентай күрек пен қолғап киген бүлдіршіндер гүл отырғызу барысында үлкен қызығушылық танытты.
Тәрбиешілер іс-шара барысында балаларға гүлдердің адам өміріне пайдасы, ауаны тазартып, бөлмені көріктендіретіні жайлы қызықты мәліметтер берді. Сонымен қатар, «гүлге қалай күтім жасау керек?», «оны қалай суару қажет?» деген сияқты тақырыптар талқыланды.
Аналар мен балалар арасындағы байланыс нығайды, бірлескен еңбек — мейірім мен махаббаттың көрінісіне айналды. Бұл – бала жүрегіне табиғатты аялау мен гүлге қамқор болудың алғашқы қадамдарын сіңірген сәт
